Шымкент пен Түркістан облысында үй құрылысы қатты көбейді

Шымкент пен Түркістан облысында үй құрылысы қатты көбейді

2024 жылы Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 2023 жылмен салыстырғанда 6,4% артып, 18 963,4 мың м² құрады.

Оның ішінде:

  • 12 120,8 мың м² — көпқабатты үйлер
  • 6 653,9 мың м² — жер үй
  • 179 730 м² — жатақхана
  • 9 030 м² — арнайы үйлер

Өңірлік бөліністе ең көп тұрғын үй елордада пайдалануға берілді — 4,4 млн м² тұрғын үй.

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша екінші орында 2,4 млн м² көрсеткішпен Алматы қаласы тұр. Алайда, 2023 жылмен салыстырғанда Алматыда баспана құрылысының қарқыны 10,3% төмендеген.

Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары қарқыны Түркістан облысында тіркелді, мұнда құрылыс көлемі 27,7% артқан, ал Шымкент қаласындағы өсім — 26,1%.

Тұрғын үйдің негізгі бөлігін, яғни жалпы алаңның 89,5% (16 965,2 мың м²) жеке құрылыс компаниялары  орындаған. Осы көлемнің 6 932,8 мың м² халық қаражаты есебінен салынған.