ШОБ ірі компаниялармен қалай бәсекелеседі: технологияның  рөлі

ШОБ ірі компаниялармен қалай бәсекелеседі: технологияның рөлі

Шағын және орта бизнес (ШОБ) – экономика негізі. Статистика комитетінің мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанда 2 млн-нан астам ШОБ субъектісі тіркелген. Олардың шамамен 1,8 млн-ы белсенді жұмыс істеп, жалпы ішкі өнімнің 30%-дан астамын қамтамасыз етеді және миллиондаған адамды жұмыспен қамтиды. 

Алайда көптеген ШОБ иелері үшін басты қиындық – ресурстары мол және озық технологияларға қол жеткізе алатын ірі корпорациялармен бәсекелестік болып табылады. Шағын бизнес нарықта өз орнын қалай таба алады? Жауап – цифрландыруда. Ол бұрын тек ірі ойыншыларға қолжетімді болған мүмкіндіктерді ашады. 

Заманауи IT шешімдер технологияларды қолжетімді етеді?

Қазіргі IT шешімдер технологияларды шағын компаниялар үшін де қолжетімді етеді. Бүгінгі таңда процестерді автоматтандыру, клиенттермен жұмысты жақсарту және үлкен шығындарсыз масштабталатын бизнес моделін құру мүмкіндігі бар. Мысалы, FlawlessMLM сияқты компаниялар шағын бизнеске клиенттік базаны басқаруды автоматтандыруға, клиенттерді қайтып келуге ынталандыруға және орташа чекті ұлғайтуға көмектесетін шешімдер ұсынады.

Технологиялар қалай сіздің серіктесіңіз бола алады?

Технологиялар шағын бизнеске корпорациялармен бәсекелесуіне көмектеседі, бизнеске икемділік пен клиентке бағдарлану мүмкіндігін береді. Мысалы:

  • CRM жүйелері клиенттік базаны тиімді басқаруға көмектеседі,
  • Аналитикалық платформалар нарықты тереңірек түсініп, тұтынушылардың қажеттіліктерін болжауға мүмкіндік береді.

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін цифрландыру процестерді жылдамырақ, дәлірек және үнемді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Заманауи IT шешімдер еңбек ақы қоры, бухгалтерлік және заңгерлік қызметтер сияқты операциялық шығындарды 20–30%-ға дейін қысқартады. Бұл қызметкерлердің тиімділігін арттыруға және ресурстарды оңтайландыруға көмектеседі. Нәтижесінде, ШОБ ірі ойыншылар басымдық ететін нарықтарда да бәсекеге қабілетті бола алады. 

Халықаралық тәжірибе: үйренетін нәрсе көп

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі шағын бизнес ірі компаниялармен бәсекелесу үшін технологияларды белсенді қолданады. Мысалы:

  • Германияда Zencargo сияқты жеткізу тізбегін басқару платформалары логистиканы ашық етіп, кідірістерді азайтады және шығындарды төмендетеді.
  • Жапонияда жасанды интеллект элементтері бар Blue Yonder сияқты қорларды басқару жүйелері сақтау шығындарын азайтады және дер кезінде жеткізуді қамтамасыз етеді.
  • АҚШ-та бизнес сұранысты болжауға, клиенттердің мінез-құлқын талдауға және нысаналы маркетингтік кампанияларды жасауға көмектесетін аналитикалық платформаларды қолданады.

Бұл шешімдер тиімділігін дәлелдеді және қазір Қазақстанда да қолжетімді болып келеді. 

Қазақстандағы ШОБ-ты цифрландыру бойынша практикалық кеңестер

Технологиялар сіздің бизнесіңізге шынымен пайда әкелуі үшін оларды дұрыс енгізу өте маңызды.

Бұл процесті барынша тиімді етуге көмектесетін бірнеше нақты қадамдар:

  • Клиентке назар аударыңыз. Клиенттерді тереңірек түсініп, оларға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін құралдарды қолданыңыз. Мысалы, CRM жүйелері клиентке жеке тәсілді оңай реттеуге көмектеседі, ал чат-боттар сатып алушылардың сұрақтарына жедел жауап беруді қамтамасыз етеді.
  • Рутиналық міндеттерді автоматтандырыңыз. Уақытыңыздың көп бөлігін алатын процестерді анықтаңыз және оларды автоматтандыруға арналған шешімдерді таңдаңыз. Мысалы, шоттарды автоматты түрде жасау жүйесі немесе логистика жоспарлаушысы сізге клиенттермен жұмыс істеуге қосымша уақыт береді.
  • Болашақты болжаңыз. Технологияларды ағымдағы мәселелерді шешумен қатар, болашақта туындайтын міндеттерді орындауға дайындық үшін де пайдаланыңыз. Хоккейші Уэйн Гретцки айтқандай: «Мен шайба тұрған жеріне емес, болатын жеріне сырғанаймын». Мысалы, жасанды интеллект негізіндегі аналитикалық платформалар сұранысты болжауға немесе шешімдеріңіздің тиімділігін талдауға мүмкіндік береді.

Сенімді серіктесті таңдау

Технологияларды енгізудің маңызды қадамдарының бірі – сенімді серіктесті таңдау. 2004 жылы негізі қаланған еуропалық FlawlessMLM IT-компаниясы электрондық коммерция, білім беру платформалары мен инфоөнімдер, инвестициялар, блокчейнді енгізу және жылжымайтын мүлік сияқты салаларға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге маманданған. Компанияның тәжірибесі мен жеке көзқарасы заманауи технологияларды бизнес процестерге тиімді түрде енгізуге мүмкіндік береді.

Цифрландырудың табысты мысалы

Технологиялардың бизнестің дамуына қалай көмектесетінін көрсететін жарқын мысалдардың бірі – FlawlessMLM және қазақстандық Alhadaya компаниясының ынтымақтастығы. Табиғи қоспалар өндірушісі FlawlessMLM әзірлеген платформа арқылы бизнес-процестерді автоматтандырып, клиенттік базасын кеңейтіп, халықаралық нарықта табысты жұмыс істеп келеді. Бүгінде компанияның өнімдері 11 елде, соның ішінде БАӘ мен Германияда ұсынылған.

Заманауи технологияларды қолдану – бұл жай ғана құрал емес, бұл бизнесті күштірек, тиімдірек және клиенттерге жақынырақ етудің мүмкіндігі. Әр кәсіпкердің алдында таңдау тұр: ол қиындықтарды қабылдап, оларды өсу мен табысқа апаратын мүмкіндіктерге айналдыруға дайын ба?