Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2025 жылғы ақпанда 1,1%, 33,8 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бері 0,3% өсім) ұлғайды.
Экономикаға берілген кредиттер құрылымында 2025 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша ұлттық валютада берілген кредиттер 1,5%, 31,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды, валюталық кредиттер 4,0%, 2,7 трлн теңгеге дейін азайды, оның ішінде АҚШ долларының теңгеге қатысты нығаюы нәтижесінде қайта бағалауға байланысты өсті.
Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2025 жылғы ақпанда негізінен айналым қаражатын сатып алуға берілген қарыздардың 2,2%, 4,9 трлн теңгеге өсуі есебінен 12,7 трлн теңгеге дейін 0,2%, ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 2,8% төмендеді). Олардың құрылымында ірі бизнеске берілген қарыздар 1,1%, 4,5 трлн теңгеге дейін, жеке кәсіпкерлерге берілген кредиттер 0,3%, 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ШОБ субъектілеріне қарыздар 0,4%, 5,9 трлн теңгеге дейін қысқарды.
Салалар бөлінісінде 2025 жылғы ақпанда бизнеске берілген кредиттердің өсуі жоспарлы өтеулерге байланысты құрылыс, ауыл шаруашылығын қоспағанда, барлық салаларда дерлік байқалады. Өнеркәсіпте кредиттер 4,3 трлн теңгеге дейін 0,6%, саудада 1,0%, 3,4 трлн теңгеге дейін, көлік саласында 3,2%, 0,9 трлн теңгеге дейін, ақпарат және байланыс — 8,1%, 0,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2025 жылғы ақпанда бизнес субъектілеріне 1,5 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2024 жылғы ақпанмен салыстырғанда 3,2% көп. Бұл ретте 2025 жылдың 2 айында 2,5 трлн теңге берілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,6% аз.
2024 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша, бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі негізінен дара кәсіпкерлерге берілетін қарыздар бойынша мөлшерлеменің 32,3%-дан 31,8%-ға дейін төмендеуі нәтижесінде 21,0%-дан 20,9%-ға дейін аздап төмендеді.