СЭСО 2024 жылы 1,4 млн-нан артық зерттеу жасады

СЭСО 2024 жылы 1,4 млн-нан артық зерттеу жасады

ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы 2024 жылды қомақты көрсеткіштермен аяқтады: 1 453 028 зерттеу жүргізілді. Жоғары технологиялық жабдықтармен жарақталған жаңа ғимаратқа көшіп, алты зертхана ашуға мүмкіндік беріліп, олардың жалпы саны сегізге дейін ұлғайтылды.

Олардың ішінде, Қазақстандағы ең бірінші, диоксиндер мен полихлорланған бифенилдерді анықтауға арналған зертхана да бар. Ол экологиялық жағдайды бағалауға және халықтың денсаулығына қауіп төндіретін мүмкіндіктерді анықтауға көмектеседі. Бұл зерттеулер еліміздің экожүйесіндегі улы әсерлердің алдын алу үшін ерекше маңызы бар.

2024 жылы Орталық халықаралық деңгейде мойындалған, биологиялық қауіпсіздік бойынша Қазақстандағы алғашқы референс-зертхана мәртебесін алды. Бұл мәртебе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады, сондай-ақ елімізде өндірілетін өнімдердің қауіпсіздігін халықаралық деңгейде растауға мүмкіндік бере отырып, қазақстандық бизнестің дамуына ықпал етеді. Орталықтың зерттеу нәтижелерін қазір ILAC (Халықаралық зертханаларды аккредиттеу қауымдастығы) жүйесіне кіретін 112 елде мойындалып отыр.

Тағы бір жетістік – халықаралық оқу орталығы мен «KazToxBase» токсикологиялық ақпараттық орталығының ашылуы. Еуропалық комиссияның қолдауымен бұл ̶ денсаулық сақтау қызметкерлері, токсикологтар, экологтар және бизнес өкілдері арасындағы тәжірибе алмасатын диалог алаңына айналды. Орталық химиялық улану жағдайларының диагностикасын жақсартуға және емдеуге, сондай-ақ әлемдік озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік беретін TOXBASE халықаралық деректер базасына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін «Бірыңғай терезе» жүйесінің енгізілуі арқасында сынамаларды барып алу үшін 1339 шығыс іс-шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мамандардың біліктілігін арттыруға және озық технологияларды енгізуге көмектесетін халықаралық тәжірибеге негізделген 26 оқу бағдарламасы әзірленді.

2025 жылы Орталық 40-тан астам жаңа зерттеу әдістерін, оның ішінде хроматографиялық масс-спектрометрия көмегімен күрделі ластаушы заттарды талдайтын анализдарды енгізуді жоспарлап отыр. Орталықтың өңірлердегі жұмысынының күшейтілуі арқасында жергілікті жерлерлегі санитариялық қауіпсіздік қызметтері қолжетімді болмақ. Білім беру бағдарламалары мен ғылыми семинарлар арқылы халықаралық ынтымақтастықтар тереңдетілетін болады. Орталықтың негізгі мақсаты өзгеріссіз қалмақ ол – халықтың денсаулығын сақтау, санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстандағы өмір сүру сапасын жақсарту.