Сарапшы медицина саласында бизнеске бірқатар мүмкіндіктерді атады

Сарапшы медицина саласында бизнеске бірқатар мүмкіндіктерді атады

Қазақстанның денсаулық сақтау саласы тұрақты өсе отырып, бизнес үшін перспективалы мүмкіндіктер ұсынады. 2024 жылдың үшінші тоқсанында көрсетілген қызмет көлемі 945,3 млрд теңгеге жетті, бұл сұраныстың артып отырғанын және медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру қажеттілігін көрсетеді. Бұл жеке инвесторлар, инновациялық компаниялар мен шағын бизнес үшін көптеген әлеуетті мүмкіндіктер жасайды.

Бүгінгі таңда қызметтердің ең көп үлесі ауруханалық ұйымдарға тиесілі – жалпы көлемнің 50,7%-ы (479,1 млрд теңге). Дегенмен, дәл осы салада мамандандырылған емханалар мен инновациялық медициналық технологиялар тапшы. Телемедицина, смарт диагностикалық шешімдер немесе жеке емдеу бағдарламаларын ұсынатын компаниялар бұл тауашаны толтыра алады.

Жалпы практикамен және басқа да медициналық қызметпен айналысатын ұйымдар да нарықтың айтарлықтай 33%-ды құрайды. Бұл сегмент отбасылық медицина, мобильді денсаулық қосымшалары және профилактикалық қызметтер саласындағы стартаптар мүмкіндік ашады.

Жаңа мүмкіндіктер:

Жатын орны бар әлеуметтік қызметтер нарықтың небәрі 3,6%-ын (34,3 млрд теңге), ал жатын орны жоғы – тіпті 1,5%-ын (14,5 млрд теңге) алады. Бұл көрсеткіштер ұсынылатын қызметтің жеткіліксіздігін көрсетеді. Қарттарды күту саласындағы бизнес, мамандандырылған пансионаттар немесе күндізгі орталықтар тек табысты ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызды салаға айналуы мүмкін.

Стоматология. Тұрақты сұранысқа қарамастан, стоматологиялық қызметтің үлесі небәрі 5,7% (53,4 млрд теңге) құрайды. Бағалары ашық және оңайлатылған жазылу процесі бар қолжетімді стоматологиялық клиникалардың желісін құру бұл тауашаны толтыра алады.

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласындағы жеке ұйымдардың үлесі 37,5%, бұл халықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін өтеуге жеткіліксіз екені анық. Шағын және орта денсаулық сақтау кәсіпорындарына құйылатын инвестиция саланың дамуын жеделдетіп қана қоймай, жоғары табыс әкеле алады. Атап айтқанда, жеке зертханалар, диагностикалық орталықтар мен жылжымалы медициналық кабинеттер өсімге жағдай жасайды.

Қазіргі нарық құрылымы қызмет көлемінің 57%-ын ұсынатын ірі кәсіпорындардың жоғары шоғырлануын көрсетеді. Бұл кішігірім ойыншыларға инновациялар енгізуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллект, үлкен деректер және медициналық қосымшалар саласында жұмыс істейтін компаниялар дербестендірілген диагностика, процестерді автоматтандыру және денсаулықты қашықтан бақылау үшін шешімдер ұсына алады.

Қазақстанның денсаулық сақтау саласы үлкен өзгерістердің қарсаңында. Сұраныс пен қызмет көрсету көлемінің өсуіне байланысты көптеген бизнес тауашалары ашылып жатыр: жеке клиникалар мен зертханалардан бастап әлеуметтік мекемелер мен телемедицинаға дейін. Инновацияларды, қолжетімді қызметтерді және қолайлы шешімдерді ұсынуға дайын компаниялар нарықтан орын алып қана қоймай, еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына зор үлес қосады.

Дайындаған: Лина Егел қызы, Economy KZ порталының сарапшысы