2024 жылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 25,3%, 3,1 трлн теңгеге ұлғайды. Активтердің ұлғаюы негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі есебінен болды.
2025 жылғы 1 қаңтарда активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 76,0% (2,4 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға - 5,3% (166 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,0% (124 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері негізінен сақтандыру резервтерінің өсуі есебінен 2024 жылы 37,0%, 2,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы негізінен сақтандыру қызметінен түскен пайда есебінен 2024 жылы 4,5%, 945 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
2024 жылы сақтандыру нарығы бойынша таза пайда негізінен сақтандыру және инвестициялық қызметтен алынған кірістер есебінен 216,2 млрд теңгені құрады.
2024 жылы 23,1 млн сақтандыру шарттары жасалды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 36,1% көп. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (5,7 млн шарт, 160,4% өсім) және ауырған жағдайда сақтандыру (287 мың шарт, 47,7% өсім) бойынша шарттарға тиесілі.
2024 жылғы желтоқсанда 1 810 мың сақтандыру шарты жасалды, бұл бір ай бұрынғыға қарағанда 19,9% аз.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2024 жылы 1,5 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 50,6% көп. Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті жеке сақтандыру санаты.
Міндетті сақтандыру бойынша 2024 жылы 251,7 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 29,9% артық. Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңның шеңберінде жүзеге асырылатын ерікті жеке аннуитеттік сақтандырумен сақтандырудың осы сыныбын біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша (64,0% немесе 52,7 млрд теңге өсім) орын алды.
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 796,8 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп. Өсу негізінен, жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар (141,5% немесе 80,3 млрд теңге өсім) және зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша (3,4 есе немесе 321,8 млрд теңге өсім) сомалардың ұлғаюына байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2024 жылы 458,2 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,0% көп. Өсу негізінен, мүлікті залалдан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 12,8% немесе 26,2 млрд теңгеге ұлғаюына байланысты.
2024 жылы сақтандыру төлемдері 334,2 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылға қарағанда 21,9% көп. Өсу, негізінен, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюына байланысты.
2024 жылы барлығы 1,3 млн төлем, 2024 жылғы желтоқсанда 150,0 мың төлем жүзеге асырылды.