Қазақстан қор биржасының сайтында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының 2025 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есебі мен аудиторлық қорытындысы жарияланды.
2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қордың меншікті капиталы 27,18 трлн теңгені құрады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 2 трлн теңгеге көп (2024 жылы – 25,3 трлн теңге).
Қордың жиынтық активтері 44,24 трлн теңгеге жетті (2024 жылы – 41,11 трлн теңге), ал міндеттемелері 17,06 трлн теңгені құрады (2024 жылы – 15,8 трлн теңге).
2025 жылы қордың жиынтық түсімі 18,77 трлн теңге болды. Бұл 2024 жылғы 16,4 трлн теңгеден жоғары. Жалпы пайда 4,25 трлн теңгеге жетті (2024 жылы – 3,99 трлн теңге).
Қордың таза пайдасы 3,21 трлн теңгені құрады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 95 млрд теңгеге төмен (2024 жылы – 3,31 трлн теңге).