Мемлекеттік кірістер комитеті жалақы қорынан төленетін барлық салықтар мен әлеуметтік аударымдарды автоматты түрде есептейтін жаңа сервисті іске қоспақ, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгінде жұмыс берушілер қызметкерлер үшін 7-8 түрлі төлемді бөлек есептеп, әрқайсысын жеке рәсімдеуге мәжбүр. Жаңа жүйеде барлық есеп автоматты түрде жүргізіліп, төлем құжаттары банкке бір батырмамен жіберіледі:
- Салықтар мен әлеуметтік төлемдер автоматты есептеледі;
- Қызметкердің мәртебесі мен жеңілдіктері ескеріледі;
- Жұмыс уақыты табелін жүргізуге болады;
- Қателер азайып, есеп айырысу ашық болады;
- ШОБ үшін әкімшілік жүктеме төмендеп, 200.00 нысанынан бас тарту мүмкіндігі қарастырылған.
Жоба 2026 жылдың қыркүйегінде пилот ретінде іске қосылады. Сәтті сынақтан өтсе, 2027 жылғы қаңтардан бастап толық енгізіледі.