2025 жылы сұраныс төмендеп, тұрғын үй бағасы аздап төмендеуі ықтимал, деген болжам жасап отыр Halyk Finance талдау ортылығы сарапшысы Арслан Аронов.
Оның пікірінше, жыл басынан бері жылжымайтын мүлік бағасы мен жалдау ақысы инфляция қарқынынан баяу өсіп келеді, бұл сұраныстың біртіндеп төмендеп жатқанын білдіреді
Болжамға сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы бес айында пәтер бағасы жаңа үйлерде 4,3%, ал қайталама нарықта 2,9% өскен.
Бұл көрсеткіштер инфляция деңгейінен төмен, демек, тұрғын үйге деген белсенді сұраныс баяулаған. Сарапшы бұл жағдайды нарықтағы ұсыныстың жоғары болуымен байланыстырады. Жаңа үйлер көптеп салынып жатыр, ал сатып алушылар бұрынғыдай белсенді емес.
Жалдау ақысы бойынша да ұқсас үрдіс байқалады. 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында ел бойынша жалға алу құны орта есеппен 0,8%төмендеген, ал Алматы мен Астанада сәйкесінше 3,9% және 2,5% арзандаған. Бұл сұраныстың төмендеуінің тағы бір көрсеткіші.
Тұрғын үй нарығына мемлекет тарапынан қолдау бар:мемлекеттік ипотека бағдарламалары мен субсидиялар сақталған. Алайда Halyk Finance сарапшысы сатып алушылар белсенділігі төмендегенін атап өтеді. Бұл фактор да алдағы уақытта бағаның біршама арзандауына әкелуі мүмкін.