Ресей 1 мамырдан бастап «Дружба» магистральды мұнай құбыры арқылы Қазақстан мұнайын Германияға өткізуді тоқтатады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, қазақстандық тарап ресейлік «Транснефть» компаниясынан тиісті жазбаша хабарлама алған. «Дружба» құбыры арқылы тасымал Қазақстанға экспорт кезінде Ресей порттарын пайдаланбауға мүмкіндік беретін, алайда бұл порттарда Батыс санкцияларына байланысты сатылым төмендеп, терминал инфрақұрылымына дрон шабуылдары жиілеген.

Қазақстан мұнайы Өзен – Атырау – Самара магистральды құбыры арқылы тасымалданып, одан әрі «Транснефть» жүйесімен Адамова Застава қабылдау пунктіне жеткізіледі. Кейін Германиядағы Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жөнелтіледі. Шикізат Қарашығанақ, Қашаған және Теңіз сияқты ірі кен орындарынан алынып, KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) брендімен экспортталады.

«Дружба» құбыры арқылы Қазақстан мен Ресей мұнайды Еуропа елдеріне жеткізіледі: солтүстік тармақ арқылы Беларусь арқылы Польша мен Германияға, ал оңтүстік тармақ арқылы Украина арқылы Венгрия, Словакия және Чехияға. Еуроодақ санкцияларына сәйкес, солтүстік тармақпен ресейлік мұнай жеткізуге толық тыйым салынғандықтан, 2023 жылдың ақпанынан бастап Германияға Қазақстан мұнайы экспортталып келеді.

2025 жылдың ақпанында Қазақстан мен Венгрия «Дружба» құбыры арқылы сынақ жеткізілімдер туралы келісті. Сол жылы екінші жартыжылдықта Қазақстан Венгрияға Хорватия арқылы алғашқы 85 мың тонна мұнай экспорттады.

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның Германияға «Дружба» арқылы мұнай экспорты екі есе өсіп, 730 мың тоннаны құрады. 2026 жылы Қазақстан Германияға мұнай экспортын 2025 жылғы 2,146 млн тоннадан 2,5 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарланған.