Қытайдан импорт азайып кетті

Қытайдан импорт азайып кетті

Бұған дейін Ресейден келетін импорттың көбейгенін жазған едік. Ал Қазақстан нарығына 24,9 пайыздық үлеспен тауар жеткізуші екінші орында тұрған Қытайдан келетін импорттың қалай жүріп жатқанын көрейік.

Қытай импорты айтарлықтай – 6,5%, 9,5 млрд долларға дейін (2024 жылғы қаңтар-тамызынан 2023 жылдың қаңтар-тамызына дейін) азайған.

Бір қызығы, сегіз айдың соңындағы қытайлық жеткізілімдердің құны төрт жыл ішінде алғаш рет құлдырады. Рас, бұған дейін көрсеткіш қарқынды өсті – орта есеппен 38,1%. Яғни, қазір, шын мәнінде, біз бұрынғы өсім импульсының сарқылуын байқаймыз.

Қай тауарлар импорты азайған?

Теріс динамика барлық дерлік бес негізгі өнім тобында байқалады, құн бойынша ол тауарлар Қытай импортының 90%-ын қамтамасыз етеді.

  • Ең күшті құлдырауды текстиль және тоқыма өнімдері (киім) көрсетті. Бір жыл бұрын мұндай тауарлар үшін 1,3 млрд доллар төлеген болсақ, қазір ол 1,1 млрд долларды құрап отыр, 15,7% азайған.
  • «Машиналар, жабдықтар, көліктер, аспаптар және құрылғылар» тобы да (Қытай жеткізілімдерінің жалпы құнының 57%-ын құрайды) айтарлықтай төмендеді. Бұл ретте тауарларды сатып алған сома 175,1 млн долларға (3,1%) азайып, 5,4 млрд долларды құрады, алайда бұл топ ішіндегі динамика екіұшты болып шықты. Яғни, «машиналар мен жабдықтар» санатында төмендеу 265,3 млн долларға жетті, қазіргі деңгей «көлік құралдары» санатында 92,8 млн долларға өсіп , 1,5 млрд долларға жетті, Қытай автомобиль өнеркәсібінің біздің нарықты басып алуы жалғасуда.
  • Химия өнеркәсібі өнімдерінің импорты айтарлықтай қысқарды. Қаңтар-тамызда оның құны 866,8 млн долларды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 144,2 млн доллар (14,3%) төмен.
  • «Аяқ киім, бас киім және галантерея» тобындағы қытай тауарларының да импорты азайды. Биыл 376 млн доллар, былтыр 419,1 млн доллар болған, 43,1 млн долларға азайған немесе 10,3%. 
  • «Металдар және олардан жасалған бұйымдар» өсім көрсеткен тауарлардың бірден-бір тобы. Мұнда жеткізілім құны 21,4 млн долларға (3,1%) өсіп, 705,9 млн долларға жетті.