Статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% болды.
Бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда экономикалық өсім серпіні айтарлықтай жақсарды (2026 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ өсуі 3%).
Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс оң өсім көрсетті. Нақты көлем индексі 102,1% болса, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 0,1% төмендеді.
Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторын жеделдету болып, онда өндіріс қаңтар-наурыздағы 8,5%-ға қарағанда 9,9% өсті.
Машина жасаудағы жоғары өсу қарқыны (өсу 23,3%) көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады.
Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірісінде 2,3 есе, жиһаз өндірісінде 41,7%, фармацевтика өнімінде 35,2%, құрылыс материалдарында 27,7%, химия өнеркәсібінде 18,4%, тамақ өнімдерінде 14,4% өсу байқалады.
Тау-кен өнеркәсібі 7,3% төмендегенімен, оның қарқыны бірінші тоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай бәсеңдеді (ол кезде 11,4% құлдыраған). Бұл өндірістің біртіндеп қалпына келуін және мұнай секторының жалпы экономикалық динамикаға теріс үлесінің азаюын көрсетеді.
Жалпы, жылдың алғашқы төрт айындағы экономиканың оң серпіні негізгі секторлардағы орнықты өсумен қамтамасыз етілді. Ең жоғары өсім қарқыны мына салаларда тіркелді:
- құрылыс – 114,5%;
- көлік және қоймалау – 112%;
- өңдеу – 109,9%;
- сауда – 105,1%;
- ауыл шаруашылығы – 103,6.
Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсімінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады.
Автор: Бауыржан Мұқанов