Көптеген компания үшін несие алу үлкен күйзеліс. Банк қаржыландыруды мақұлдай ма, қандай сома береді және қандай шартпен беретінін кәсіпкерлер алдын ала білмейді.
Мұндай сауалдар несие алу идеясын күрделендіріп, өтінім беру туралы шешімді кейінге қалдыруға себеп болады.
Бұл мәселені Halyk-тің жаңа «Кредит әлеуеті» сервисі шешеді. Ол бизнеске өтінім бермей тұрып, банк қанша қаражат беретінін алдын ала білуге мүмкіндік береді. Бұл кәсіпкерлерге өз мүмкіндіктерін алдын ала бағалауға көмектеседі. Банктің осы жаңа құралы туралы толығырақ тарқатсақ.
Нарықты зерттеді
Halyk заңды тұлғаларды цифрлық несиелеу департаментінің директоры Алмагүл Конкарованың айтуынша, сервисті іске қосар алдында банк нарықты зерттеп, кәсіпкерлерге ықтимал қаржыландыру сомасын осындай жылдам әрі ыңғайлы тәсілмен білуге мүмкіндік беретін балама құралдарды таппаған.
«Біз үшін бұл жай ғана жаңа өнім емес, бизнестің банкпен өзара іс-қимыл жасау тәсілін өзгертетін құрал», – деп түсіндірді ол.
Алмагүл Конкарова атап өткендей, сервистің іске қосылуы банктің бизнес үшін қаржыландыру процесін барынша ашық, түсінікті және қолжетімді етуге деген ұмтылысын көрсетеді.
«Жаңа «Кредит әлеуеті» сервисі кәсіпкерге толыққанды несиелік өтінім бермей-ақ және банк алдында ешқандай міндеттеме алмай-ақ, бірнеше минут ішінде қаржыландыру мүмкіндіктерін алдын ала тегін бағалауға мүмкіндік береді», – деп қосты ол.
Несиелік әлеует не үшін қажет?
Мұндай ақпаратқа қол жеткізу шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдері үшін ерекше маңызды. Кредит әлеуетін білетін кәсіпкер кіріс пен шығынды алдын ала болжай алады, болашақта сатып алатын дүниелерін жоспарлайды, қызметкерлерге деген қажеттілікті бағалайды және басқарушылық шешімдерді неғұрлым салмақты түрде қабылдайды. Бұл бизнесті жоспарлау процесін жеңілдетіп, компанияның одан әрі өсу перспективаларын алдын ала бағалауға мүмкіндік береді.
Болашақ несие сомасы қалай есептеледі?
Кредит әлеуеті компанияның қаржылық көрсеткіштері негізінде автоматты түрде есептеледі. Қорытынды бағаға бірқатар факторлар әсер етеді. Олардың қатарында кредит тарихы, транзакциялық белсенділік, қолданыстағы кредит міндеттемелері және бизнестің кіріс деңгейі бар.
Сервис туралы толығырақ біліп, несиелік әлеуетті есептеуге өтінім беру үшін мына сілтемеге өтуге болады.