«Самұрық-Қазына» қоры IPO аясында «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) теміржол операторының 20%-ға дейінгі үлесін сатуды көздеп отыр, деп хабарлады қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
«Компанияның 20% акциясын сатуды жоспарлап отырмыз, сәйкесінше, акционер немесе осы акцияларды сатып алған адам магистральдық желіге иелік етпейді. МЖС, басқа да активтері бар ҚТЖ компаниясының иелігінде болады», — деді ол қоғамдық кеңес отырысында.
«Халықаралық тәжірибеге сәйкес, IPO алдында ауқымды PR-науқандарды өткізуге шектеулер бар екеніне назар аударғым келеді. Сондықтан дайындықты егжей-тегжейлі ашып айта алмаймыз, бірақ негізгі мазмұны осы», — деп қосты Нұрлан Жақыпов.