ҚТЖ басшысы пойыздардың кешігуін теміржолдағы жөндеу жұмыстарымен байланыстырды

ҚТЖ басшысы пойыздардың кешігуін теміржолдағы жөндеу жұмыстарымен байланыстырды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев поцыздардың кешігуін теміржолдарды жөндеумен байланыстырды.

«Бұл жағдай жолдарды жөндеумен және жолаушылардың қауіпсіздігімен байланысты. Соңғы 2 жылда жөндеу жұмыстарының көлемін 2-3 есе арттырдық. Жолаушылар алдындағы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деп түсіндірді Нұрлан Сауранбаев.

Оның айтуынша, 2023 жылдан бастап 2,8 мың шақырымнан астам теміржол жөнделген.

Ал 2029 жылға дейін тағы 11 мың шақырым теміржол учаскелерін жөндеу, 5 мың шақырымға жуық жаңа және екінші жолдар салу, 2,6 мың шақырымға автобұғаттау жасау, 184 стансаны жаңғырту жоспарланған.