ҚТЖ 2024 жылғы пайдадан мүлде дивиденд төлемейді

ҚТЖ 2024 жылғы пайдадан мүлде дивиденд төлемейді

«Қазақстан темір жолы» 2024 жылға дивиденд төлемейді. Былтырғы 157,8 млрд теңге табыс компания иелігінде қалады деп шешті жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» қоры.

Соңғы рет компания 2017 жылы бір акцияға 3,45 теңге, жалпы сомасы 1,7 млрд теңге немесе таза пайданың 15%-ын дивиденд қылыр төледі. 

Ал 2023 жылы компания 136,7 млрд теңге таза пайда тауып, оның қаншасын дивиденд ретінде төлегенін жарияламаған.

Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында Жоғарғы есеп палатасы ҚТЖ-ның банкротқа ұшырау қаупі туралы жариялады, өйткені 2020-2023 жылдары оны тасымалдаудың 73%-ы өзіндік құнынан төмен бағамен сатылған.