Ұлттық экономика министрлігі ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 20%-ға көтерсе, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын, зейнетақы мен жәрдемақыны көтеруге уәде берді. Бұл индекстеу бюджетке 800 млрд теңге шығын әкеледі. Бұл туралы министр Серік Жұманғарин айтты, деп жазады Курсив.
«Ең көп өскен кезде ол бізге 800 млрд теңгеге түседі. Келетін сомамен салыстырғанда бұл біз үшін өте ыңғайлы. Біз бұл соманы оңай еңсере аламыз», — деді Жұманғарин.