ҚҚС 16%: Салық кодексінің жобасы Мәжіліске енді

ҚҚС 16%: Салық кодексінің жобасы Мәжіліске енді

2025 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін енгізді. Өзгерістер салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған.

Негізгі түзетулер мыналарды қамтиды:

  • Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету –20 000 АЕК (78,6 млн теңге) 3 800 АЕК (15 млн теңге) дейін;
  • Қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;
  • Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу –   тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады.