Президент 18 шілдеде жаңа Салық кодексіне қол қойды, ол 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Құжатқа сәйкес шыққанына 11-20 жыл болған көлікке 30 % жеңілдік беріледі, 21 жылдан асқан машинаға жасалатын жеңілдік 50%-ды құрайды. Kolesa.kz редакциясының есебінше, ең тиімді мөлшерлеме қозғалтқыш көлемі 3-4 литр болатын автомобильге арналған.
Қазір Қазақстанда 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелген, мотор көлемі 3 литрден асатын көлік иелері көтеріңкі салық төлейді:

1 қаңтардан бастап бұл кесте былай өзгереді:

Яғни, ескірмеген немесе жаңа көлік салығы да төмендейді.
Мысалы, 2026 жылы 1 АЕК 4148 теңге болса, 2022 жылғы 4 литрлік Toyota Land Cruiser Prado үшін 66 АЕК (273 768 теңге) емес, 15 АЕК (62 220 теңге) салық сұралады. Бұл 4,4 есе аз.
Көлемі 5663 текше см V8-бен жүретін Lexus LX 570-тің иесі 834 241 теңге емес, 496 957 теңге төлейді.