Қаржы министрі Мади Такиев қазақстандық бизнеске Қырғызстан мен Өзбекстанда жаппай тіркелу тиімсіз екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай көшу кәсіпкерлердің өздері үшін қосарланған салық төлемдеріне әкелуі мүмкін.
Мәжіліс отырысынан кейін Қаржы министрі Мади Такиев ҚҚС-тың көтерілуі мен Салық кодексіндегі өзге де өзгерістерге байланысты Қазақстаннан кәсіпкерлердің кетуі байқала ма деген сұраққа жауап берді.
«Көшу жоқ, менің ойымша, бұл – ойдан шығарылған уәж, себебі көптеген нюанстар бар. Ол жақта салықтар төмен дейді, бірақ бұл олай емес. Шектер де, айналымдар да, бизнестің өзі де бірдей. Бұған қоса, егер олар ол жаққа көшсе, бәрібір олар біздің салық төлеушілеріміз болып қала береді және өмірлік мүдделерінің орталығы осында болғандықтан, қосымша салықтар туындайды. Сондықтан көшудің тиімсіз деп есептеймін», – деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жеке кәсіпкерлердің жаппай Қырғызстан мен Өзбекстанға көшіп жатқаны айтылған.