Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Empire Manufacturing Kazakhstan (EMK) компаниясына кофе өңдейтін зауыт салу үшін 10 млн долларға дейін несие береді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа зауыт «Қорғас» АЭА-да салынады деп жоспарлануда. Жаңа зауытта өндірілетін кофенің 50%-ға жуығы Орталық Азия мен Кавказ елдеріне экспортталады деп күтілуде.
EMK - Сингапур биржасында тіркелген азық-түлік пен сусындарды өндіру және тарату жөніндегі халықаралық топтың Food Empire Holdings еншілес ұйымы.