Қорғаста әуежай салынып жатыр

Қорғаста әуежай салынып жатыр

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Үкімет отырысында Қорғас торабы трансшекаралық хабын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол трансшекаралық хабты дамыту мақсатында инвестициялар тарту, жүк ағыны мен транзитті ұлғайту, өткізу пункттерін жаңғырту бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Екі арнайы экономикалық аймақта екі мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 76 млрд теңгеге 40 жоба жүзеге асырылды («Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА, «Қорғас» ХШЫО). 2027 жылдың соңына дейін 1,1 трлн теңгеге тағы 65 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 9 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар «KTZE – Khorgos Gateway» құрғақ портын кеңейту жұмыстары аясында 2-уі жаңғыртылды, тағы 8 қосымша теміржол жолы салынды, бүгінде 16 жол пайдалануда. Бұл терминалдың өткізу қабілетін бір жарым есе арттырды.

Сондай-ақ «SKYHANSA» ЖШС компаниясына халықаралық жүк-жолаушылар әуежайын салу үшін 800 га жер телімі бөлінді. Қазіргі уақытта инженерлік инфрақұрылымның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

«Нұр жолы» өткізу пунктінде өткізу қабілетін арттыру, көлік ағынын оңтайландыру және процестерді цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тәулік бойы жұмыс режимі мен электрондық кезек жүйесі енгізілді, соның нәтижесінде өткізу қабілеті тәулігіне 1,2 мың автомобильге дейін екі есе ұлғайды», — деп қосты Бейбіт Исабаев.