2024 жылы елімізде 16 674 қоғамдық тамақтану орны тіркелген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,4% көп (ол кезде 15 826 нысан болған).
Қоғамдық тамақтану орындары ең көп – Алматы (2 427 нысан), Астана (2 252) қалаларында және Қарағанды облысында (1 333).
Тамақтану орындарының ішінде мейрамханалардың саны айтарлықтай өзгермеген – бір жыл ішінде 55 бірлікке артып, 2 358-ге жеткен. Асханалардың саны 4,3% өсіп, 5 383-тен 5 618-ге дейін жеткен. Ең жоғары өсім кафелер арасында, олардың саны 4 479-дан 5 202-ге дейін көбейіп, 16,1% артқан.
Мейрамхана Астанада (524), Алматыда (446) және Ақтөбе облысында (161) ең көп шоғырланған. Кафелер саны бойынша Астана (643), Алматы (618) және Қарағанды облысы (589) көш бастап тұр.
2024 жылы тамақ және сусын ұсыну қызметінің көлемі 1,5 трлн теңгені құрады. Тамақтану орны санына шаққанда бұл шамамен 90 млн теңге.