ҚазМұнайГаз өндірісі артқанымен, таза пайдасы азайып кетті

ҚазМұнайГаз өндірісі артқанымен, таза пайдасы азайып кетті

ҚазМұнайГаз 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 18 млн тонна мұнай өндірді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3% артық. 

Мұнай тасымалдау көлемі былтырғы көрсеткіштен 6% өсіп, 63 млн тоннаға жетті. KPI зауыты 166 мың тонна полипропилен шығарды, кепілдік сынақтарын аяқтап, өндірісті 84% арттырды.

Компания табысы 6 088 млрд теңгемен (13 440 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 6 349 млрд теңгені (13 838 млн АҚШ доллары) құрады.

Таза пайда бір жыл бұрынғы 946 млрд теңге немесе 2,089 млрд доллармен салыстырғанда керісінше 867 млрд теңгені немесе 1,89 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5% аз.

ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтың айтуынша, компания елдегі барлық мұнай өндіру көлемінің 26%-ын, мұнай тасымалының 56%-ын және өңдеудің 80%-ын қамтамасыз етіп отыр. «Самұрық-Қазына» активтерінде ҚазМұнайГаз үлесі – 46%, ал мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорға түсетін салықтық және өзге де төлемдердегі үлесі – 10%.

Айтп кетейік, 2022 жылы ҚМГ қазақстандық KASE және AIX биржаларында акцияларын бастапқы жария саудаға шығарды. Одан бері акциялардың құны 60% өскен.