AIX биржасының қаңтардағы сауда көлемі желтоқсанмен салыстырғанда 19% азайып, 76,7 млн доллар болды, оның 21,9%-ы акцияларға тиесілі. AIX индексі бір айда 1% төмендеген.
Индекс акцияларының арасында ең көп өскендер:
- ЦентрКредит банкі +22,5%;
- Freedom +7,8%;
- Қазақтелеком +7,4%.
Ең қатты арзандағандар:
- ҚМГ -5,1%;
- Air Astana -4,9%;
- Kaspi -4,7%.
Ең үлкен сауда көлемі Globaltrans бағалы қағаздарында ($10,7 млн, жалпы көлемнің 63%-ы) тиесілі болды, ол қаңтарда кері сатып алу бағдарламасын аяқтады.