ҚазМұнайГаз басшылығы 388 млн теңге сыйақы алды

ҚазМұнайГаз басшылығы 388 млн теңге сыйақы алды

2023 жылы «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма мүшелері 388 млн теңге табыс тапты.

ҚМГ Басқармасы 10 адамнан тұрады. Бұлар – төраға мен 9 орынбасары.

Жыл ішінде бір адамға шаққандағы орташа табыс 38,8 млн теңгені құрады.

ҚМГ сыйақысының тұжырымдамасы бір жылдағы жалақының жалпы сомасын және ақшалай ынталандырудың барлық түрлерін қамтиды.