ҚазМұнайГаз 2024 жылы 1,1 трлн теңге таза пайда тапты

ҚазМұнайГаз 2024 жылы 1,1 трлн теңге таза пайда тапты

«ҚазМұнайГаз» 2024 жылғы қаржылық есебін жариялады.

Компания кірісі 2023 жылмен салыстырғанда теңгемен 0,12% өсіп 8,33 трлн теңге болса, доллармен 2,74% өсіп 17,7 млрд долларға жетті.

Бірге бақылайтын компаниялар мен қатысы бар компаниялардағы таза пайдасын қоса есептегенде компанияның таза пайдасы теңгемен 18% ұлғайып 1,094 трлн теңге, доллармен 14,8% ұлғайып 2,332 млрд доллар болды.

Бос ақша ағыны теңгемен 21,8% көбейіп 1,199 трлн теңге, доллармен 18,4% көбейіп 2,555 млрд доллар болды.

Таза қарыз 41,4% азайып 1,163 трлн теңге болды.

Бұған дейін компания былтырғы табыстың 350 млрд теңгесін дивиденд қылып төлейтінін хабарлаған.