«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ 2024 жылғы 27 қарашада қабылданған AIX листингтік комиссиясының шешімі негізінде Astana International Exchange (AIX) биржасының ресми тізімінің Main алаңына, Exempt рұқсат түріне Қазатомөнеркәсіптің облигациялар шығарылымының енгізілгені туралы хабарлайды және 2024 жылғы 2 желтоқсанда күшіне енді.
Қазатомөнеркәсіп пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арасында облигацияларды «Сатып алушы» ретінде сатып алу-сатудың атаулы мәмілесін жасау арқылы ұйымдастырылмаған AIX бағалы қағаздар нарығында орналастыру мынадай негізгі шарттарда күтіледі:
- Облигация түрі: кепілсіз купондық облигациялар.
- Облигациялар саны: 2000 (екі мың) дана.
- Купондық мөлшерлеме: SOFR+1%.
- Бір облигацияның номиналды құны және номиналды құнының валютасы: 100 000 (жүз мың) АҚШ доллары.
- Облигациялар шығарылымының жалпы көлемі: 200 000 000 (екі жүз миллион) АҚШ доллары.
- Облигациялардың айналым мерзімі: 36 (отыз алты) ай (02 желтоқсан 2024 - 02 желтоқсан 2027).
Осы облигациялар шығарылымының мақсаты айналым капиталын толықтыру.