Қазатомөнеркәсіп 1264 теңгеден дивиденд төлемек

Қазатомөнеркәсіп 1264 теңгеден дивиденд төлемек

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ 2024 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу мөлшері мен мерзімдері туралы ұсынымдар туралы хабарлайды.

2024 жылғы аудиттелген қаржылық көрсеткіштердің негізінде компанияның директорлар кеңесі 2024 жылға төленетін бір жай акцияға (бір ЖДҚ бір жай акцияға тең) 1 264,12 теңге сомасында дивиденд мөлшерін ұсынды. 

Ұсынылып отырған дивидендтердің жалпы сомасы шамамен 327,9 млрд теңгені құрайды, бұл компанияның қолданыстағы дивидендтік саясатына сәйкес бос ақша ағынының 75%-на тең.