Қазақтелеком Kcell-ді сатайын деп отырған жоқ

Қазақтелеком Kcell-ді сатайын деп отырған жоқ

«Қазақтелеком» басшылығының «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ні (МТС, Tele2/Altel брендтері) сатудан түскен қаражатты қайда жұмсайтынын Жарғы мен заңнама талаптарына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ уәкілетті басқару органдары енді қабылдайды. Бұл туралы ұлттық оператор QAMS сауалына берген жауабында айтты.

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органдарының ұстанымын ескере отырып, Қазақтелекомның Kcell-дегі үлесін (51%) сатуы мүмкін бе деген сұраққа «Қазақтелеком» Kcell-ді сатпау керек деген ұстанымда екенін жеткізді.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ басшылығы «Кселл» АҚ-ның үлесін сату және акцияларды KASE биржасынан делистинг туралы мәселені қарастырып жатқан жоқ.

«Қазақтелеком» АҚ басшылығы инфрақұрылымды дамыту, абоненттерді мыс желілерінен оптикалық желілерге көшіру, цифрландыру және т.б. арқылы компанияны жан-жақты дамытуға бағытталған, бұл өз кезегінде қаржылық көрсеткіштердің өсуіне компанияның нарықтағы құнының артуына әкеледі», — делінген жауапта.

Айта кетейік, Kcell-дің негізгі акционерлері: Қазақтелеком (51%), KC Holding LTD жеке компаниясы (14,87%), First Heartland Jusan Bank (9,08%), ENPF (7,1%).