Қазақтелеком бір акцияға рекордтық 26,7 мың теңге дивиденд төлейді

Қазақтелеком бір акцияға рекордтық 26,7 мың теңге дивиденд төлейді

Қазақтелеком акционерлеріне рекордтық дивиденд бекітілді. Ата айтқанда:

  • 2024 жылға бір акцияға 6 741,14 теңге (яғни осы кезеңдегі бүкіл таза пайда 74,185 млрд теңге);
  • 19 923,74 теңге – өткен жылдардағы бөлінбеген пайдадан (219,257 млрд теңге).

Нәтижесінде Қазақстан миноритарлық акционерлер қауымдастығының есебінше, бір акцияға берілетін дивиденд 26 664,88 теңге – бұл компания үшін тарихи рекорд. 

Дивидендтің негізгі бөлігін «Самұрық-Қазына» қоры (оператордың жай акцияларының 80,0%-ын иеленеді) және Нұрлан Артықбаевтың «TELECOM SYSTEMS LTD» (9,1%) компаниясы алады.

Еске салайық, 2024 жылы Қазақтелеком өзінің еншілес ұйымы Mobile Telecom-Service (MTS, Tele2, Altel брендтері) катарлық PIH Communication LLC холдингіне сатқан болатын. Мәміле 577,345 млрд теңгені құрады.