Қазақтелеком акциясы бірер күнде 40% құлдырайды — Freedom Broker

Қазақтелеком акциясы бірер күнде 40% құлдырайды — Freedom Broker

Freedom Broker сарапшыларының болжамынша, дивиденд алатын акционерлер тізілімін тіркеуге байланысты «Қазақтелеком» акциясының алдағы бірер күнде 40% күрт құлдырайды.

Сарапшылар T2 сауда режимінде «Қазақтелекомнан» дивиденд алуға құқық беретін мәмілені аяқтау мерзімі келгенде, яғни 22 мамырдан кейін бірден компания акциясын жаппай сатыла бастайды.

Freedom Broker сарапшыларының пікірінше, теориялық тұрғыда акция бағасының құлдырауы мөлшері төленген дивиденд мөлшеріне (26,6 мың теңге) жетуі мүмкін, яғни жалпы шығын 40%-ды құрауы тиіс. Дегенмен, бағаның төмендеуі бір сессияда болмайды, өйткені акциялардың күрт құлдырауы KASE-де сауданың тоқтауына әкеледі.

Қазіргі уақытта «Қазақтелекомның» бір жай акциясының KASE-дегі бағасы 58,3 мың теңгені құрайды. 6 мамырда компания дивиденд төлеуге рекордтық 293,45 млрд теңге бөлінеді деген жаңалық шыққанда акция құны рекордтық 59,2 мың теңгеге жетті.

Кейінірек акционерлер өткен жылдағы таза пайда мен бірнеше жыл бойы бөлінбеген пайдадан бір акцияға 26,6 мың теңге алатыны белгілі болды.

Жалпы, KASE-дегі «Қазақтелеком» акцияларының қымбаттауы 2024 жылдың қарашасынан бастап байқалуда. Қараша айының басынан бүгінгі күнге дейін баға 51% немесе 19,7 мың теңгеге өсті. Бұл Катардың Power International холдингіне 1,1 миллиард долларға Mobile Telecom-Service (MTS; Tele2|Altel брендтерімен жұмыс істейді) сату туралы мәміле жабылғаннан кейін компанияның миноритарлық акционерлерге арнайы дивидендтер төлейтіні туралы талқылаумен байланысты болуы мүмкін.

KASE мәліметінше, 1 сәуірдегі жағдай бойынша, «Қазақтелекомның» негізгі акционері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (80,85%). Telecom Systems LTD 9,19% акцияға ие. «Қазақтелекомның» қалған 9,96% бағалы қағаздары миноритарлық акционерлерге тиесілі. Олардың үлесі дивиденд түрінде 29,23 млрд теңгені құрайды.