Қазақтелеком 2024 жылғы таза пайдасының бәрін, яғни 74,19 млрд теңгені немесе бір жай акцияға шаққанда 26 664 теңге көлемінде дивиденд ретінде төлеуі мүмкін. Бұл мәселе 15 мамырда өтетін акционерлер жиналысында шешіледі.
Салыстыру үшін, 2023 жылы компания 22,5 млрд теңге (бір жай акцияға 2 096,60 теңге), 2022 жылға – 32,5 млрд теңге (3 038,36 теңге) төлеген. 2024 жылы пайданың өсуі Mobile Telecom-Service (Tele2/Altel) еншілес компаниясын сатудан туындап отыр.
Дивидендтердің негізгі бөлігін «Самұрық-Қазына» қоры (оператордың жай акцияларының 80,0% иеленеді) және Нұрлан Артықбаевтың TELECOM SYSTEMS LTD (9,1%) алады.