Қазақстанға Қытайдың тағы бір банкі кірейін деп жатыр

Қазақстанға Қытайдың тағы бір банкі кірейін деп жатыр

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі басшылығының China Construction Bank (CCB) Төрағасы Чжан Цзиньлянмен кездесуі өтті.

Кездесуде Қазақстанда China Construction Bank еншілес банкін құру мәселелері талқыланды.

Қазір Қазақстанда қытайлық қатысуы бар үш банк жұмыс істейді: Altyn Bank, Қазақстандағы Қытай Банкі және Алматыдағы Қытайдың Өнеркәсіптік-коммерциялық банкі (ICBC).

China Construction Bank (CCB) — Қытайдағы және әлемдегі ең ірі банктердің бірі. Ол Қытайдың мемлекеттік меншіктегі ең ірі төрт банкінің («Үлкен төрттік») құрамына кіреді. Оның қатарында Industrial and Commercial Bank of China (ICBC), Agricultural Bank of China (ABC) және Bank of China бар.

Forbes Global 2000 рейтингінің 2025 жылғы нұсқасында China Construction Bank әлемдегі 2 мың ірі жария компанияның арасында 7-орынға ие болды.