Freedom Life мәліметінше, 2024 жылы шетелге шығатын қазақстандықтар үшін ең туристік маусымы жаз болған — Freedom Travel бағдарламасы бойынша сақтанушылардың 34,7%-ы жазда сапарлаған. 25,3%-ы шетелге күзде баруды таңдаса; 24,3%-ы көктемде және 15,7%-ы қыста қыдырған.

2024 жылы шетелге шығатын қазақстандықтардың орташа жасы – 36 болды.
2024 жылы шетелге әйелдер жиірек шыққан — сақтандыруды ресімдеген барлық туристерді алғанда, олардың саны –55,6%, ал ерлер саны — 44,3%.
Туристік сақтандыру құны, міндетті яки ерікті болсын, жеке анықталады және келесі факторларға байланысты: мекендеу елі, мекендеу күндер саны, бағдары және т.б. Міндетті туристік сақтандыру құны, көбінесе тур құнына кіргізіледі.
«Ерікті онлайн сақтандырудың қамту аясы кеңірек, міндетті сақтандырумен салыстырғанда. Ол шұғыл медициналық көмекті, шұғыл стоматологиялық қызмет көрсету шығындарын, медициналық тасымалдау, үшінші тұлғаларды тасымалдау (қажетіне қарай) шығындарын қамтиды. Егер қамту туралы айтатын болсақ, мысалы, Freedom Travel бағдарламасы бойынша, сақтандыру жағдайы туындағанда, төлем сомасы 10 000 бастап, 100 000 евроға дейін құрауы мүмкін. Бұл, таңдаған ережелерге, мекендеу еліне тәуелді атқарылады», — деп, Freedom Life талдаушылары түсініктеме берді.