Қазақстандықтар ел ішінде қыдыруға 64,2 мың теңге жұмсайды

Қазақстандықтар ел ішінде қыдыруға 64,2 мың теңге жұмсайды

2025 жылы туристік сапарлар саны 11 771,4 мыңды құрады, оның ішінде республика шегінде 10 265,5 мың (87,2%), республикадан тыс жерлерге – 1 505,9 мың (12,8%) сапар, деп хабарлайды статистика бюросы.

Сапарлардың негізгі үлесі жеке мақсаттар бойынша болған – 11 076,2 мың адам немесе сапарлардың жалпы санының 94,1%, іскерлік және кәсіби мақсатта – 695,2 мың адам (5,9%).

Барушылары ең көп болған өңірлер қатарында Астана қаласы (10,1%), Түркістан облысы (10%) сондай-ақ Алматы қаласы (9,9%), Алматы (7,9%) және Қарағанды (7,4%) облыстары бар.

Қазақстан бойынша сапарлау кезінде туристердің көпшілігі туыстары немесе таныстарына (60,8%) баруды жөн көрген. Қонақ үйлерде (14,2%), жалдамалы тұрғын үйлерде (11,5%) және санаторилерде (3,6%) тоқатағандардың үлесі айтарлықтай аз.

Пайдаланылған көлік түріне қарай алып қарасақ, ел ішінде сапарлағандар жеке меншік автокөлігін (36,1%) және теміржол көлігін (26,4%), ал сырт елге барушылар – әуе көлігін (55,7%) таңдаған.

2025 жылы туристік сапарға шыққандардың ақшалай шығыстары 1 134,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде ел ішінде сапарлағандардікі – 659,2 млрд теңге (58,1%), бұл ішкі отандық туристердің жан басына шаққанда 64,2 мың теңге.

Қазақстан шегінде туристік сапарға шыққандардың негізгі шығыны тауар сатып алу (25,7%), көлік қызметтері (25,5%), тамақтану (20,8%) және орналастыру орындарында тұру (12,2%) қызметтеріне кеткен.