Қазақстандықтар 2024 жылы ойын-сауыққа 73 млрд теңге жұмсады

Қазақстандықтар 2024 жылы ойын-сауыққа 73 млрд теңге жұмсады

Бұл туралы Алматыда өткен Freedom Practicum: трендтерді, технологияларды және аналитикаларды талдау семинарында «Freedom Ticketon» билеттерді онлайн сату қызметінің бас директоры Виктория Торгунакова айтты.

Спикер Қазақстандағы ойын-сауық нарығына қысқаша шолу жасады. Виктория Торгунакова Freedom Ticketon мәліметтеріне сәйкес, 5 млн-ға жуық қазақстандық жылына кемінде бір рет ойын-сауық шараларына баратынын, ал 3 млн-ға жуығы тұрақты түрде қатысатынын атап өтті. Freedom Ticketon платформасы арқылы 2 млн-нан астам отандасымыз і—шараларға билет сатып алады.

2024 жылы қазақстандықтар кез келген түрдегі ойын-сауық шараларына орта есеппен айына 11 801 теңге жұмсаған. Олардың ойын-сауыққа, мәдениет пен өнерге жұмсаған жалпы шығыны компанияның мәліметі бойынша, 2024 жылы 73 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 16,1 млрд теңгеге (28%) және компания бір жыл бұрын болжаған көрсеткіштен 3,8 млрд теңгеге артық. Сондай-ақ соңғы бір жылда кинопрокат нарығы 35%-дан астамға өскенін атап өтті. Ал гастрольдік іс-шаралардың өсуі баяулаған - бір жыл бұрынғы 66% өсіммен салыстырғанда тек 17% өсімді көрсетеді.

Былтыр Freedom Ticketon платформасы 2023 жылғыдан (2,9 млн) екі есе дерлік көп билет (5,6 млн) сатқан. Компанияның 2024 жылғы тауар айналымы 25,4 млрд теңгені құрады. Бір қызығы, билеттер сатып алынатын іс-шаралардың басым бөлігі Астанада (50,6%), Алматыда (48,1%) және Қарағандыда (33%) өтеді екен.

Виктория сонымен қатар барлық ойын-сауық индустриясының ішінде Қазақстандағы транзакциялар саны бойынша киноиндустрия көшбасшы екенін атап өтті. Бұл демалыстың ең танымал түрі болып қала береді. Ал оның артынан концерттер ілесті – Ticketon.kz арқылы 700 мыңнан астам транзакция жасалды. Эстрада жұлдыздарының өнерлері мен театрлық қойылымдарға жарты миллионнан астам билет сатылды. Бұл үлгіні қалалар бойынша қарастыратын болсақ, транзакциялық көрсеткіші ең жоғары, үлкен экранда фильм көруді ұнататындар – Павлодар (68,3%) және Шымкент (64,1%) тұрғындары болды. Спорттық іс-шараларға ең көп транзакция Ақтөбе қаласында (57,9%) жасалды.

Freedom Ticketon мәліметтері бойынша, 2024 жылы кинопрокат өткен жылдардағыдай, сатылымның негізгі бөлігін – ақшалай есептегенде барлық ойын-сауық нарығының 65,4%-ын құрайды. Одан кейін гастрольдік іс-шаралар – 23,9%, театр іс-шаралары – 4,08%, спорттық іс-шаралар – 2,05%. 2023 жылмен салыстырғанда, спорттық іс-шаралар кинопрокаттың пайдасына 4% үлесінің жартысына жуығын жоғалтты. Оған қарамастан 2024 жылы оқиғалар санының 102%-ға ең үлкен, рекордтық өсімін көрсетті. Өткізілген гастрольдік іс-шаралар саны 49%-ға өсті.

Концерттік іс-шаралар теріс динамика көрсетті, 2023 жылмен салыстырғанда 2%-ға аз өткізілді. Өткен жылы 3155 концерт болса, 2024 жылы – 3115. Қазақстанға шақырылған концерттердің ауқымы мен өнерпаздардың мәртебесі айтарлықтай өскенін айта кеткен жөн.

Кинопрокат нарығындағы қазақстандық фильмдердің саны 2024 жылы 2023 жылмен (72) салыстырғанда 103-ке дейін өсті және шетелдік фильмдердің 80%-ына қарсы нарықтың 20%-ын иеленді. Отандық фильмдер жалпы айналымның үштен бірінен астамын – 18,4 млрд теңге, ал шетелдік фильмдер – 29,2 млрд теңге жинады.

Шетелдік фильмдерден түскен кассалық кірістердің үлесі 61%, ал қазақстандық фильмдерден 39% құрады. Өткен жылдың ең танымал фильмі прокатта 1,85 млрд теңге жинаған «Моана 2» болды. 2024 жылғы көрермендер саны бойынша фильмдер рейтингінде екінші орынды 1,72 млрд теңге жинаған отандық «Дәстүр» фильмі иеленсе, үшінші орында – 1,70 млрд теңге кіріспен «Веном: Соңғы би» фильмі.

Астанадағы ең танымал фильм «Кунг-фу панда 4» анимациялық фильмі болды. Бірақ Алматыда отандық «Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында» көш бастады. Шымкентте, Таразда және Қызылордада қазақстандық «Жездуха» фильміне басымдық берілсе, Павлодар мен Қостанайда «Кунг-фу панда 4» мультфильмінің көрсетілімі жиі болды.

Былтыр тек онлайн режимінде sold out сатылды (билеттер толық сатылды) деп белгіленген оқиғаларды келесідей тарқатамыз. Бірінші орынды соңғы жылдары танымал бола бастаған Comic Con Astana 2024 гик-мәдениет фестивалі иеленді (жалпы 38 879 билет сатылды). Бір қызығы, танымал қазақстандық гик-фестиваліне сатылған билеттер саны Лисаковск, Жітіқара, Шахтинск, Арал немесе Ақсай сияқты қалалардың тұрғындарына жетеді. Екінші орында әлемге әйгілі қазақстандық жұлдыз Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концерті. Ал үшіншіден бесіншіге дейінгі орындарды футбол матчтарының сатылымдары иеленді, оның ішінде екеуі ақтөбелік футболшылардың қатысуымен өткен: «Ақтөбе» ФК - «Қайсар» ФК, «Ақтөбе» ФК - «Елімай» ФК, Норвегия - Қазақстан. 

Компания жүргізген дәстүрлі тұтынушылар сауалнамасының нәтижелері келесідей болды. Респонденттер кинотеатрларға көбірек, ал ашық дәрістер мен семинарларға сирек барғылары келеді екен. Респонденттердің көпшілігі 2024 жылы ұсынылған барлық концерттік жанрлардың ішінен поп-музыканы таңдады. 

Кинотеатрға бармаудың негізгі себептері бос уақыттың жетіспеушілігі болса, спорттық іс-шараларға бармау – қызықты ұсыныстардың болмауы, театрлық қойылымдарға бармау – бос уақыттың бұл түрі қызық емес немесе сауалнама жүргізілген қалаларда өткізілмеуі болды. Сонымен қатар пайдаланушылар кинотеатрға 1500 теңгеден 2500 теңгеге дейін, театр билетіне 5000 теңгеден жоғары, ал музыкалық концертке 5000 теңгеден 10000 теңгеге дейін төлеуге дайын екендері, билет құны 2000 теңгеден 5000 теңгеге дейін болса, спорттық шараларға қатысатындары анықталды.

«Осы жылы біз негізгі іс-шараларымыздың форматын, атап айтқанда Ticketon Awards премиясын қайта қарауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ осы жылы қазақстандықтарды бұрын-соңды Қазақстанда концерт бермеген танымал әртістердің концерттерімен қуантатын боламыз. Біздің әлеуметтік желілердегі оқиғаларды бақылаңыздар, көптеген қызықты нәрселер болады», — деп бөлісті Виктория.