Қазақстанда Volvo жүк көліктері құрастырылмақ

Қазақстанда Volvo жүк көліктері құрастырылмақ

Қазақстанда Volvo жүк автомобильдерін өндіруге дайындықты көздейтін Astana Motors және Volvo Group арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қазақ-швед сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты комиссиясының отырысында қол қойылды.

Жобаның бастапқы кезеңінде алыс қашықтыққа тасымалдауға арналған Volvo FH13  магистралды тартқыштарын шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар өнеркәсіп пен құрылыста кеңінен қолданылатын Volvo FMX13 автокөліктерін өндіру мүмкіндігі қарастырылуда.

Былтыр Volvo Trucks Қазақстанда алғашқы сервистік стансасын және Орталық Азия мен Кавказ өңірі үшін жаңа кеңсе ашты.