Қазақстанда сантехника шығаратын алғашқы зауыт салынады

Қазақстанда сантехника шығаратын алғашқы зауыт салынады

Испанияның Roca Group компаниясы Қызылордада сантехника шығаратын зауыт алғалы жатыр.

Жоба сантехникалық бұйымдар мен жуынатын бөлме аксессуарларын шығаратын және құрастыратын елдегі алғашқы зауыт болмақ.

Зауыттың іргетасы жақында қаланды. Жоспарланған инвестиция көлемі 44,1 млрд теңгені құрайды, өндірістік қуаты 500 мың данаға жетеді. Шамамен 300 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Roca Group санитарлық-техникалық өнімдерді өндірумен айналысады. Компания ванна, санитарлық керамика, себезгі науалары, крандар, аксессуарлар және жиһазды секілді жуынатын бөлме өнімдерін шығарады.