Қазақстанда электромобиль сатылымы күрт азайып кетті

Қазақстанда электромобиль сатылымы күрт азайып кетті

2024 жылы Қазақстанда элекромобиль сатылымы 36% азайып, 2,8 мың болды. Бір жыл бұрын 4,4 мың көлік сатылған.

Есесіне қайталама нарықтағы сауда 35% өсіп, 4,6 мыңнан 6,2 мыңға ұлғайды.

Қазақстандық автомобиль бизнесі қауымдастығының мәліметінще, 2023 жылдың басында елде небәрі 1,5 мың электромобиль болған.

2024 жылы тіркелген электр көліктерінің 80%-дан астамы Алматы, Астана, Шымкент және Алматы облысында.

Айта кетейік, Қазақстандағы ең танымал жаңа электромобильдер – қытайлық ZEEKR, BYD және HONGQI брендтері.

Былтыр елдегі тіркелген жаңа электромобильдердің 79%-ға жуығы Қытайдың автоөнеркәсіп саласына тиесілі.