3 ақпанда ОПЕК+ министрлерінің Біріккен мониторинг комитетінің 58-ші отырысында Қазақстан ұйымның келісімін ұстанатынын растады. Қазақстан 2025 және 2026 жылдары өз міндеттемелерін орындау және 2024 жылға артық өндірісті өтеу үшін қажетті шараларды қабылдайды.
Теңіз кен орнын кеңейту жөніндегі жобаның іске қосылуына байланысты биыл өндірістің ұлғаюына қарамастан, Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде міндеттемелерді сақтаудың маңыздылығын растайды және халықаралық құқық шеңберінде әріптестермен келіссөздер жүргізетін болады.
Бұған дейін ОПЕК+ министрлері 2024 жылдың 5 желтоқсанында мониторинг комитетінің отырысы мен жалпы жиналыс үшін кездесуі болған. Онда ОПЕК+ елдері қысқы сұраныстың әлсіздігі жағдайында өндірісті тәулігіне 2,2 млн баррельге ерікті қысқартуды 2025 жылдың бірінші тоқсанына дейін ұзартуға келісті. Елдер бұл шектеуден 2026 жылдың қыркүйегіне дейін шықпақ.