Сейсенбі күні Транснефть компаниясына қарсы санкция енгізген Ұлыбритания Дружба мұнай құбырын 2027 жылғы 14 қазанға дейін санкциялық тізімнен шығарды. Бұл туралы Ұлыбританияның қаржылық санкцияларды іске асыру жөніндегі басқармасының (OFSI) құжатында айтылған, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

Дружба мұнай құбыры Еуропаға тартылған, қазіргі уақытта ол арқылы Ресей мұнайын Венгрия мен Словакия алып отыр. Сондай-ақ, осы құбырдың солтүстік тармағы арқылы Германияға қазақстандық мұнай жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлыбритания Ресейге қарсы санкциялық тізімді кеңейтті. Оған 240 компания, жеті жеке тұлға және 50 кеме, соның ішінде «Росатомның» еншілес кәсіпорны — «Росатом Энергетикалық жобалары» кірді.