Қазақстан жарма өнімдерімен өзін өзі қамтамасыз ете алады

Қазақстан жарма өнімдерімен өзін өзі қамтамасыз ете алады

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде күрішті қоса алғанда 145,9 мың тонна жарма өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,4% артық.

Осы кезеңде жарма импорты 27,5% қысқарып, 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы 20,8 мың тоннамен салыстырғанда 15 мың тоннаны құрады. Жалпы ресурстардағы импортталған өнімнің үлесі - 9,4%.

Сондай-ақ жарма экспорты 14,2% азайды, биыл алғашқы алты айда 55,3 мың тонна өнім шетелге жіберілсе, 2023 жылғы қаңтар-маусымда экспорт көлемі 64,5 мың тонна болған.

2024 жылдың алғашқы алты айында ішкі нарықта саудаланған жарма көлемі 105,6 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,2%  артық.