Соңғы екі аптада бидайдың әлемдік бағасы айтарлықтай өсті. Егер қаңтар айының соңында АҚШ биржасында наурыз фьючерстері бір бушель 5,35 доллар (тоннасына 196 доллар) деңгейінде саудаланса, 12 ақпанда баға бір бушель 5,79 долларға (тоннасына 212 доллар) дейін көтерілді.
«СовЭкон» талдау орталығының директоры Андрей Сизовтың бағалауынша, бағаның өсуіне Ресейдегі бидай қоры өткен жылдың сәйкес кезеңімен (28,7 млн тонна) салыстырғанда 21%төмен екендігі туралы ақпарат себеп болуы мүмкін.
«Бидай қорының азаюы әлемдік және ресейлік нарықтардағы баға белгілеулерге қолдау көрсетеді», — деді Андрей Сизов.
4-санатты бидайдың тоннасы Қазақстанның ішкі нарығында 65 мың теңге (ҚҚС-пен) ұсынылады. Теңгенің құнсыздануы оның құнын көтерді. Ал қазір 25% желісшесі бар 3-санаття бидай 76 мың теңге (ҚҚС-пен). Hi-pro бидайы тоннасына 125 мың теңге (ҚҚС-пен).
Экспорттық бағаларға келетін болсақ, өзбектер 3-санатты бидайды 190 доллар және одан да жоғары бағамен алуға дайын (DAP Сарыағаш). Жақында ғана баға 10 доллардан төмен болды.