USD/KZT жұбы бойынша бағам қарқынды өсуін жалғастырып, жаңа тарихи максимумға – бір доллар 538,64 теңгеге (+6,21 теңге) жетті. Бұл сауда көлемінің артуымен (270,9 млн доллар) қатар жүрді.
Теңгенің мұндай әлсіреу серпіні макроэкономикалық іргелі факторлардың динамикасына байланысты емес, бұл нарықтағы мінез-құлықтық және алыпсатарлық көңіл-күйлердің басым екенін көрсетеді, деп жазады Қаржыгердер қауымдастығы.
Қауымдастық мәліметінше, ұлттық валютаға қысымның күшеюі импорттың қымбаттауына байланысты инфляциялық қатерді арттырып, негізгі мөлшерлеменің ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде сақталу ықтималдығын арттырады.
«Қалыптасқан жағдайда валюта бағамының құбылмалылығын төмендетуге, бағамдық күтулерді тұрақтандыруға және шетел валютасына деген дүрлікпе сұраныстың алдын алуға бағытталған уақтылы әрі нысаналы интервенциялар жүргізу орынды болар еді», — делінген.