KASE Индексінің мәні қарашада 6,0% өсті және айдың соңына қарай 5 524,76 тармақты құрады.
Қараша айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 18,4 млрд теңгені құрады, бұл қазан айымен салыстырғанда 6,3 млрд теңгеге жоғары. Сауда-саттықтың ең көп көлемі Қазақтелеком АҚ жай акцияларына тиесілі болды – 6,5 млрд теңге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 35,6 %).

Қарашаның қорытындысы бойынша ең жақсы өсімді Қазақстан Халық Банк АҚ акциялары көрсетті, олар бағаға 12,9% қосты. Шоғырландырылған қаржылық есеп берушілікке сәйкес, банктің таза пайдасы 2024 жылдың тоғыз айында 18,3%, 638,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал таза пайыздық маржа 6,3%-дан 7,1%-ға дейін өсті.
Ай қорытындысы бойынша көшбасшы акциялар тізімінде екінші орын – 12,5% нәтижемен Қазақтелеком АҚ акциялары. Шоғырландырылған қаржылық есеп берушілікке сәйкес 2024 жылдың тоғыз айында жалғасатын қызметтен түскен кіріс 5,0%, 364,3 млрд теңгеге дейін өсті, ал таза кіріс 40,5%, 53,1 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Есептік айда көшбасшылар үштігін 10,8 % өскен Банк ЦентрКредит АҚ жабады. Шоғырландырылған қаржылық есеп берушілікке сәйкес, банктің таза пайдасы 2024 жылдың тоғыз айында 39,2%, 144,3 млрд теңгеге дейін, ал таза пайыздық кірісі 41,8%, 212,8 млрд теңгеге дейін өсті.
2024 жылдың қараша айының қорытындылары бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 32,6 трлн теңгені (63,6 млрд USD) құрады, бұл өткен айдың осындай көрсеткішінен 961,7 млрд теңгеге немесе 3,0% жоғары.
Қараша айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 84 эмитенттің 99 атаудағы акциялары болды, оның ішінде екі эмитенттің екі атаудағы акциялары Листингілік емес бағалы қағаздар секторында айналысқа жіберілді.
Қараша айында акциялармен сауда-саттық көлемі 22,0 млрд теңгені құрап, қазан айымен салыстырғанда 21,4 % немесе 3,9 млрд теңгеге өсті. Қараша айында акциялар сауда-саттығы тек қайталама нарықта өткізілді. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 1,0 млрд теңгені, мәмілелердің орташа күндік саны – 8 831, бір мәміленің орташа көлемі – 118,6 мың теңгені құрады.
Инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде қайталама нарықта жеке тұлғалардың үлесіне акциялармен жасалған мәмілелердің жиынтық көлемінің 63,3%, банктердің үлесіне – 0,1%-дан кем, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 12,2%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 3,5%, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 20,9% тиесілі болды. Бейрезиденттердің үлесі 3,6%-ды құрады.