Қараша айында Қазақстанда 90 күннен артық төленбей жатқан проблемалық несие көлемі 93,8 млрд теңгеге өсті, ал олардың несие портфеліндегі үлесі 3,74%-ға жетті (қазан айының басында — 3,54%). Ұлттық банк деректеріне сәйкес, мерзімі өткен қарыздардың өсуі негізінен елдегі ең ірі банктер есебінен болды. Атап айтқанда:
- Halyk Bank-те 72 млрд теңгеге өсіп, 438 млрд теңгеге жетті (портфельдегі үлесі — 3,39%, бір айда +0,57 т.п.).
- Bereke Bank — +7,7 млрд теңге (107,8 млрд, үлесі 7%);
- Еуразиялық банк — +5,8 млрд теңге (139,3 млрд, 8,31%);
- Bank RBK — +3,6 млрд теңге (71,3 млрд, 4,47%);
- ForteBank — +2,7 млрд теңге (102,7 млрд, 3,43%).
Проблемалық қарыздардың портфельдегі үлесі бойынша ірі банктер арасында Еуразиялық банк (8,31%) пен Alatau City Bank (8,09%) көш бастап тұр.