Яндекс Go сервисінде енді бір қаладан екінші қалаға бару үшін «Межгород» жаңа тарифі бойынша такси сапарларына тапсырыс беруге болады. 25 сәуірден бастап ол бірнеше әрі-бері бағыттағы сапарларда қолжетімді болады: Алматы — Қонаев (8 000 теңгеден бастап), Алматы — Талдықорған (17 000 теңгеден бастап), Шымкент — Түркістан (11 000 теңгеден бастап). Осы қызметтегі бағыттар саны артатын болады.

«Межгород» қалалар арасындағы сапарларды одан да ыңғайлы ету және ұзақ жол жүру ерекшеліктерін жақсырақ ескеру үшін әзірленген. Енді сапарға жолда бір немесе бірнеше аялдама жасау үшін 10 минут бойы тегін күту кіреді. Көлікті белгілі бір уақытқа алдын-ала шақыру керек. Мұндай сапар «Эконом»-да осы бағыт бойынша таксиге тапсырыс бергеннен гөрі 30% немесе одан да арзан болады. 

«Межгород» тарифі алыс қашықтықтағы сапарларға арнайы жасалған. Жүргізушілер өздеріне ыңғайлы бағытты, дұрыс уақытты және тапсырыс құнын алдын ала таңдай алады. Ал пайдаланушылар көрші қалаға тез және ыңғайлы жетуді таңдайды. Кез келген сапардағыдай, «Межгород» тапсырыстарында жылдамдық пен жүргізу мониторингі сияқты біздің қауіпсіздік технологияларымыз жұмыс істейді», — деп өз ойымен бөлісті Қазақстандағы Яндекс Такси-дің басшысы Байдүйсен Тайыр

«Межгород» бойынша тапсырысқа жоғары рейтингі бар, көршілес елді мекендер арасында ұзақ сапарлар жасауға келіскен жүргізушілер тағайындалады. Барлық маршруттарда адамдар екі бағытта да белсенді жүреді. 

«Межгород» тарифі бойынша тапсырыстарға сервис стандарттары, сондай-ақ сапарларды қауіпсіз және жайлы етуге көмектесетін арнайы технологиялар — жылдамдық пен жүргізу тәсілінің автоматты мониторингі қолданылады. Яндекс Go сервисі арқылы тапсырыс берілген барлық сапарларда жолаушылар мен жүргізушілердің өмірі мен денсаулығын 4 000 000 теңгеге дейін — тегін сақтандыру бағдарламасы жұмыс істейді.

Яндекс Go — бұл қаладағы күнделікті мәселелерді шешуге арналған бірыңғай платформа. Яндекс Go платформасы Яндекс Такси, Яндекс Еда, Яндекс Доставка және Самокаты сервистері біріктірілген. Ол қоғамдық көлікпен және таксимен қажетті жерге тез жетуге, мейрамханалардан тағамдарға, дүкендерден азық-түліктерге және басқа тауарларға тапсырыс беруге, сәлемдеме жіберуге немесе жүкті тасымалдауға көмектеседі. Яндекс Go қосымшасын Google Play және App Store арқылы жүктеп алуға болады. Бүгінде Яндекс Такси сервисін Қазақстанның 20 қаласында пайдалануға болады.