Үкімет отырысында Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстандағы жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жалпы ұзындығы 137 мың шақырымды құрайтынын, оның 49%-ы (шамамен 67 мың шақырым) тозығы жеткен және ауыстыруды қажет ететінін хабарлады.
«Ең тозығы жеткен инженерлік желілер Павлодар (66%), Қарағанды (62%), Абай (59%), Шығыс Қазақстан (58%), Ұлытау (58%) және Солтүстік Қазақстан (56%) облыстарында», — деді министр.
Мәселені шешу үшін 2025 жылы республикалық бюджеттен 176 млрд теңге бөлінсе, 2030 жылға қарай инженерлік желілердің тозуын 40%-ға дейін төмендету жоспарлануда.
Нағаспаевтың айтуынша, жыл сайын жылу беру маусымы кезінде жоғары тозуға байланысты жылу, сумен жабдықтау және канализация жүйелерінде технологиялық бұзылулар мен апаттарға байланысты қауіп туындайды.
Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық дағдарыс орталығының мәліметінше, өткен жылыту маусымында жылумен жабдықтау жүйелерінде 53 технологиялық бұзушылық тіркелген.
Сумен жабдықтау және су бұру желілерінде 264 технологиялық бұзушылықтар болған.
Негізінен келесі салаларда технологиялық бұзушылықтар байқалды:
- Абай облысында жылумен қамтуда – 4, сумен жабдықтауда – 23;
- Ақмола облысында жылумен жабдықтауда – 3, сумен жабдықтауда – 32;
- Шығыс Қазақстан облысында жылумен қамтуда – 15, сумен жабдықтауда 32;
- Қарағанды облысында жылумен жабдықтауда – 6, сумен жабдықтауда — 27;
- Астана қаласында сумен жабдықтауда – 87.