Пойызға сұраныс азайып, ұшаққа сұраныс көбейіп келеді

Пойызға сұраныс азайып, ұшаққа сұраныс көбейіп келеді

Әуе көлігі жыл сайын танымал бола түсуде. Соңғы 13 жылда онымен тасымалданған жолаушылар саны 3,2 есеге өсті (2010 жылғы 3,4 млн-нан 2022 жылы 11 млн адамға дейін).

Өсім қазір де жалғасуда: 2023 жылдың 2 айында шамамен 1,8 млн адам ұшса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 1,1 млн болған.

Ал пойызбен 2022 жылы 19,4 млн жолаушы жүрген. 2021 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 34,6%, ал 2020 жылдан бері 71,1% өсті.

Бірақ 2014 жылдың рекорды (34,4 млн) әлі де бұзылған жоқ. Оның үстіне 2022 жылы теміржол көлігін пайдаланған жолаушылар саны 2010 жылмен бірдей болды (3,4 млн).